
2023 жылғы 7 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында жазушы Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Ізгілік теңізінен інжу терген» әдеби кеш өткізді.
Шараға Қазақ-Орыс Халықаралық университеті, «Гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, магистр, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің докторанты Ермұқанова Индира Жақсылыққызы, М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шүгурова Күнсұлу Оңғалиқызы қатысып, қаламгердің шығармашылық келбеті, шығармашылығындағы ұлттық болмысы туралы айтты. Адамгершілікке, ізгілікке, мейірімге, еңбексүйгіштікке жетелейтін «Өліара» романы, «Әке», «Парасат майданы», «Оң қол», «Қонақтар», «Қайырсыз жұма» әңгімелерін талдап, рухымызды шыңдайтын қаламгердің кітаптарын оқуға шақырды.