2023 жылғы 3 ақпан күні «Дұрыс тамақтану, тиімді әдет» денсаулық сағаты

    2023 жылғы 3 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Позитив» салауаттылық клубының кезекті отырысын №22 орта мектебінде «Дұрыс тамақтану, тиімді әдет» денсаулық сағатымен өткізді. 

   Жас ұрпақтың  салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдетіп, адам денсаулығының қымбаттылығын ұғындыру мақсатында өткізілген шарада клуб жетекшісі оқырмандарға дұрыс тамақтану, тіс тазалығын сақтау, зиянды әдеттерден сақтану   мен спортты қатар үйлестіру  туралы кеңестер берді.

 «Позитив» салауаттылық клубының мүшелері дәрумендер туралы өлеңдер оқып, өз ойларымен бөлісті.

134562