2023 жылғы 11 қаңтар күні «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі көркем әдебиетте» әдеби лото

      2023 жылғы 11 қаңтар күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын насихаттау, адалдық пен парасаттылықты дәріптеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін түсіндіруге бағытталған «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі көркем әдебиетте» әдеби лото өткізілді. Шарада қатысушыларға «Еңбектің малы-тәтті»,«Еңбек түбі-зейнет» деген дана халқымыздың бай мұрасы туралы  түрлі сұрақтар лото сандарында жасырылып, «Поэзия-пауза», сөзжұмбақтар шешуге бағытталған «Афоризм-тайм» сынды айдарлар бойынша тапсырмалар берілді.

Белсенді оқырмандар Абдрахман Асылбектің «Ұр тоқпақ» кітабынан жемқорлық туралы көрініс көрсетіп, тақырып бойынша ой-пікірлерін ортаға салды.

Оқырмандар назарына «Адал еңбек еткенге, бақыт басын иеді» атты кітап көрмесі ұсынылып қазақ ертегілерінен бастап ұлы Абайдың, Шәкәрімнің, Ы.Алтынсаринның шығармаларымен қатар жергілікті қаламгерлеріміз Т.Жармағанбетовтің «Отамалы», «Бәйтеректің жастық шағы» шығармаларындағы қойшының адал еңбегі және Мұхтар Шахановтың «Отырар»,Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» шығармалары насихатталып, орта ғасырда құсбегілік өнері көшпенділер арасында тоқтаусыз дамығанын,  жаугершілік замандарда қыран құстармен дүйім жұртты асыраған құсбегілердің болғаны әңгімеленді.

 1234567