«Оқитын дос іздеймін!»

       2024 жылғы 25 маусым күні   Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «CAMPIT» жазғы балалар демалыс лагерінде «Оқитын дос іздеймін!» жазғы оқу жобасы аясындағы жұмыстарын жалғастырды.

Лагерь демалушыларына жаңа әдебиеттер таныстырылып, «Ертегі айтып берейін» айдары,  «Сырлы сөз» көркемсөз оқу, «Даналық иірімдері» мақал мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар, ұлағатты сөздерді жарыса айтып, рухани әлемге саяхат жасады.