
2022 жылғы 28 қаңтар күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында сатирик жазушы Төрежан Мәндібайдың 85 жасқа толу құрметіне арналған «Қаламы қанжар, уытты сөздің иесі» портрет кешін өткізді.
Мақсаты: Төрежан Мәндібайдың шығармашылығын насихаттау, сатира өнерін дәріптеу, оқырманның оқу мәдениетін қалыптастыру.
Шара қонағы сатирик, актер,ҚР Мәдениет қайраткері және "Екі Езу" әзіл-сықақ театрының директоры, Жүсіпбек Аймауытов атындағы арнайы жүлде иегері Нұрлыбек Хайруллаұлы Жұбатқан жазушының өмір жолдары, шығармашылығы және сатира жанрының қыр-сыры туралы әңгімелеп берді.