2022 жылғы 10 ақпанда «Жақсы әкенің қызы» атты өнер сағаты өтті

      2022 жылғы 10 ақпанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы қазақтың көрнекті сазгері  Ғазиза Жұбанованың туғанына 95 жыл толуына арналған «Жақсы әкенің қызы» атты өнер сағатын өткізді.

     Ғазиза Жұбанованың рухани мұрасын, өмір жолы мен шығармашылығын  насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Әлия Шалманова Ғ.Жұбанованың  қазақтың ән-күйлерін жетік меңгергенін, музыка саласын жаңа көркемдік  дәрежеге көтерген еңбегі және музейдегі экспонаттар туралы әңгімеледі.

     №1 музыка мектебінің скрипка класының оқушысы Сагалова Алина, оқытушысы Надель Елена Сергеевна және концертмейстер Қожанбаева Бибінұр Қайырғалиқызының сүйемелдеуімен Ғазиза Жұбанованың шығармасын  орындап, әуезді, ерекше үнмен тамсантты.

    «Желкен» әдеби клубының мүшесі М.Жұбанованың Ғазиза Жұбановаға арнаған арнау өлеңін оқыды.

     «Ұшқан ұядан ән-күй әлеміне» кітап көрмесі және «Қазақтың көрнекті сазгері» тақырыбында слайд  оқырмандар  назарына ұсынылды.

1

2

3

4

5