
2022 жылғы 16 ақпанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында «Рухани жаңғыру – алаштың асыл мұраты: тіл, жазу, мәдениет»тақырыбында тарихи-танымдық сағат өткізді.
Шараға Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру бағдарламасын басқару орталығының маманы Данагүл Бегімқызы Нұрмухамедова қатысты.
Шарада елімізде үлкен рухани серпіліс туғызған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген тағылымы мол тарихымыз бен төлтума мәдениетімізді, құндылықтарымызды зерделеп, жаңа жағдайға қарай бейімделу уақыт талабы екені айтылып, тіл, жазу, мәдениет туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар таныстырылды.