2022 жылғы 17 ақпанда «Кіші жүздің Көктемірі» тарих сағаты өтті

     2022 жылғы 17 ақпанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Ұлы даланың ұлы қыздары» жобасы аясында  азаттық үшін күрескен батыр қыз Сапура Матенқызына арналған «Кіші жүздің Көктемірі» тарих сағатын өткізді.

     Ақтөбе өңірінің тарихында халықтың еркіндігі үшін аянбай күрескен, елін қорғаған ерлермен бірге батыр қыздарымыздың таңбасын да қалдырғанын көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға ақын, журналист, өнер зертеуші Нұрлыбек Амандәулетұлы Қалауов«Ақтөбе» газеттің бөлім басшысы, тарихшы, «Сапура Мәтенқызы» топ жетекшісі Исламғали Бітік, ҚР Мәдениет қайраткері, драматург Сая Қасымбек, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің Қобда сектор бөлімінің меңгерушісі Гүлбаршын Сағалиқызы Ерғалиева,  «Сапура Мәтенқызы" топ мүшелері қатысып, батыр қыздың бейнесін айшықтап, тарихтағы  тұтастас тұлға ретінде танытты.

     С.Мәтенқызының өмірін терең зерттеп жүрген қаламгерлер мен «Сапура Мәтенқызы » топ мүшелері ойларын ортаға салып, батыр қыздың бейнесін бүгінгі ұрпақ санасында қалыптастырудағы ұсыныс-пікірлерін және  жас ұрпаққа батырларымыздың ерлігін насихаттап, көрсете білсек, олар тәуелсіздіктің бағасы мен патриоттық деген қасиетті ұғымды бойларына сіңіріп өсетіндігін жеткізді.

     Сапура Мәтенқызының ерлігін, туған жеріне сүйіспеншілігі мен тәлім-тәрбиесін насихаттайтын ««Кіші жүздің Көктемірі» кітап көрмесі оқырмандар  назарына ұсынылды.

1

2

3

4

5