Новые книги

Новые книги

Күмісбайұлы Ш.

Көне күмбездің сыры. Хикаяттар мен әңгімелер / Шәкен Күмісбайұлы. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022. – 384 б.

Көрнекті қаламгер Шәкен Күмісбайұлының бұл жинағына ұрпақ сабақтастығы, атадан-балаға ауысып келе жатқан салт-дәстүр сабақтастығы, туған ел, туған жерге деген сүіспеншілік, туған тілге адалдық, аға ұрпақтың алдындағы қарыз бен парыз сынды жас өскінге тәлім-тәрбие беретін дәм-тұзы қанық дүниелері топтастырылып отыр. Және де барлық шығармалары қазіргі өмір кезеңімен ұштасып, тартымды баяндалады.

Жасаулы жинақ ой-санасы сергек қалың қауымға арналады.

Мамырбаева Д.

Роботтар отбасы. Хикаяттар мен әңгімелер / Ділдәр Мамырбаева. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022. – 208 б.

Балаға арнап, бала үшін жазылған шығармалар тек жас өскіндердің ғана емес, оған үлкендер де қызығады. Өздерінің кеше ғана жүріп өткен жолдары. Жазушының әңгімесін әркім әр қырынан қабылдайды.

«Роботтар отбасы» - оқырман жүрегімен үндестік табатын кітап. Онда білімді болумен қатар мейірімді, адал, адамгершілікті болу идеясы айтылады.

Патшаның тағындай болған балалық шақтың әңгімелері ой жаңалығымен тартымды әрі қызықты.