
2024 жылғы 11 қаңтар күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «КітапҰstar» жобасы аясында жас ұрпақтың бойында әділдік, адалдық қасиеттерін күшейтіп, жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және бала тәрбиесі» атты ақпарат сағатын өткізді.
Шара қонағы Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығы филиалының басшысы Әсел Сағынғалиқызы Мұстафина жас буынға сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен кесірін тигізетін айта келе, оған қарсы сана қалыптасқан жағдайда әр адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстайтынын, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейтіндігін жеткізіп, орталықтың атқарып отырған жұмыстары мен жоспарларымен бөлісіп, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.
Оқырмандар назарына тақырыптық кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.