“ Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” халықаралық акциясына орай ұйымдастырылған “Атадан ұлағат, анадан ғибрат” отбасы құндылықтарын дәріптейтін шығармаларды талдау барысында Қазақстанның халық жазушысы, драматург, прозашы Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасы талқыланды.
Оқырмандар әдебиетімізде айтарлықтай із қалдырған, бүгінгі өмірмен ұштасып, отбасы құндылығын арттыратын, мейірімге, адами қасиетке, қиындықта сынбауға үндейтін шығармадан алған әсерлерімен бөлісіп, Тахауи Ахтановқа арналған өлеңдерді оқыды.
