Skip to content

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясына орай ұйымдастырылған «Атадан ұлағат, анадан…

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясына орай ұйымдастырылған «Атадан ұлағат, анадан ғибрат» отбасы құндылықтарын дәріптейтін шығармаларды талдау барысында Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі бойынша ойталқы өткізілді. Шараға №73 Мұқағали Мақатаев атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі және әдебиет пәнінінің мұғалімі Жуманова Шынар қатысып даңқты қолбасшы, қарымды қаламгердің балалық шағынан үзік сыр шертті. Оқырмандарға қазақ ұлтының салт-дәстүрін, жол-жоралғыларын қайта дәріптеуді насихаттады.
Сондай-ақ № 62 Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 5 класс оқушылары белсене қатысып,пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді.
«Даланың дархан данасы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *