Жыл сайын 2 сәуірде дат ертегішісі Ганс Христиан Андерсеннің туған күнінде Халықаралық балалар кітабы күні атап өтіледі. Балалар кітап апталығы аясында « Ертегі елінің патшасы » – Х.Х.Андерсен шығармаларына арналған әдеби ойын ұйымдастырылды.
Оқырмандар ZOOM платформасында Ресей Федерациясы, Орынбор облыстық полиэтникалық балалар кітапханасының оқырмандарымен бірге ертегі еліне саяхат жасады. «Умники и умницы» қызығушылық клубының мүшелері, №11 мектеп-гимназиясының 3 Б сынып оқушылары ресейлік жас оқырмандармен Андерсеннің ертегілері бойынша әдеби батл ойнаса, №2 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының өнерлі оқушылары «Түймеқыз» ертегісінің желісі бойынша театрландырылған қойылым көрсетті.
Оқырмандар назарына «Ертегілер әлемінде» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.
