«Жаңа Қазақстан-жаңа қадам» атты ақпараттық сағат өтті.
2025 жылы 8 қыркүйекте жарияланған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында көтерілген бастамалар туралы және сұранысқа ие жасанды интеллект туралы ақпарат берілді. Кәсіптік практикадан өтуші студенттер Ақмаржан Тілеубаева мен Альбина Жаңабаева «Жасанды интеллект – болашақтың кілті» атты слайд жасап, жасанды интеллекттің қоғамға әсері мен болашаққа тигізер пайдасы туралы сөз қозғалып, ол арқылы кітапхана жұмысын тиімді, ыңғайлы, заманауи етіп ұйымдастыруға болатынын, ақпаратты жылдам іздеу және сұрыптауға, оқырман талғамын талдауға, іс-шараларды ұйымдастыру ісінде көп мүмкіндіктер қолжетімді болатыны туралы сөз қозғады.




