Skip to content

Ж.Ташенов атындағы №68 ЖББОМ, М.Мақатаев атындағы №73 жалпы білім беретін…

Ж.Ташенов атындағы №68 ЖББОМ, М.Мақатаев атындағы №73 жалпы білім беретін орта мектептердің 2-класс оқушыларының қатысуымен Халықаралық әйелдер күніне арналған «Анаға тағзым – ұлтқа құрмет» мерекелік кеш өтті.

Оқырмандар «Ана – ақындар тілімен…» әдеби монтажда ақындар Әдібай Табылдының «Сегізінші наурыз», «Жылылық пен ұлылық», Алмат Исәділдің «Анашым» өлеңдерін оқыды. №73 М.Мақатаев атындағы ЖББОМ-тің қыздар тобы «Құттықтаймын мама, туған күніңмен» әнін шырқады. №68 ЖББОМ 2-класының ұл балалары қырмызы қыздарымызды құттықтап, өздерінің сыйлықтарын табыстап, «Мен қазақтың ұлымын» әнін тарту етті.
#ӘзНаурызАқтөбе

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *