Заречный тұрғын үй алабы мектеп-балабақшаның 4 класс оқушылыры арасында Отан қорғаушылар күніне орай «Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар» әскери-патриоттық сағаты ұйымдастырылды.
Жас патриоттар Қазақстан қарулы күштерінің тарихымен, әскери қызмет ерекшеліктерімен танысып, болашақ жауынгерлер «Зерек сарбаз», «Әскери барлаушы», «Алғашқы әскери көмек», «Құпия хабарлама» тапсырмаларын орындады.
Отан қорғаушылар күніне жасақталған «Ер – елінің айнасы» кітап көрмесі таныстырылды.