«Ұлы дала қыздары» жобасы
Бүгін кітапханада «Ананың ақ жолымен» кездесу кеші өтті.
Білім саласының ардагері, өлкетанушы, Ақтөбе туристік-географиялық картасын жасақтаған Райгүл Сергалиева бастаған «Қазақ аналары – дәстүрге жол» жобасының мүшелері, Ырғыз, Мәртөк, Байғанин аудандарынан белсенді ардагер аналар қатысып, қоғамдағы ананың ролі, қазіргі қазақ қызының бейнесі туралы айтып, тәлім-тәрбие ананың ақ сүтімен, бесік жырымен баланың бойына даритындығын тілге тиек етіп, өмірден түйген ғибратты әңгімелерімен бөлісті.
Оқырмандар назарына «Ана – тіршілік, ана – өмір өзегі» атты кітап көрмесі ұсынылды.
«Шолпы» қыз балалар клубының мүшелері тарихта қалған аналар бейнесін «Аналар – Даналар» әдеби дефилесі арқылы сомдаса, анаға деген ыстық сезімдерін «Желкен» әдеби клубының мүшелері «Ана деген теңдесі жоқ ұлылық» әдеби монтажымен, №6 «Орман ертегі» бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндері жырмен, әнмен жеткізді.
Шараға №31 орта мектебінің, облыстық М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің, Ғ.Ақтаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясының, Б.Момышұлы атындағы №62 орта мектебінің оқушылары белсене қатысты.
Сегодня в рамках проекта «Ұлы дала қыздары» библиотека организовала мероприятие «Ананың ақ жолымен».
Гости мероприятия члены проекта «Қазақ аналары – дәстүрге жол» рассказали о роли матери в обществе, об образе современной казахской девушки, поделились мнениями, уроками, извлеченными из жизни о том, что воспитание ребенка развивается с молоком матери, колыбельными песнями.
Члены клуба девочек «Шолпы» показали книжное дефиле, воплотившись о образ матерей, вошедшие в историю, члены литературного клуба «Желкен», дети детского сада № 6 «Лесная сказка» представили литературно-музыкальную программу «Ана деген теңдесі жоқ ұлылық».
Был проведен библиографический обзор по книжной выставке «Ана – тіршілік, ана –өмір өзегі».
В мероприятии приняли активное участие учащиеся школ города № 31, № 6 им. Г.Актаева, № 62 им. Б.Момышулы, областной специализированной школы-лицея для одаренных детей им.М.Кусаинова.