«Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай №39 қазақ орта мектебінде «Оқитын өлке – 2025» облыстық акциясы аясында таңдалған сатирик-жазушы Үмбетбай Уайдиннің 90 жылдығына арналған «Үмбетбай Уайдиннің әдеп әлемі» әдеп сағаты өтті. Оқушыларды әдептілікке баулып, тәрбиелік тәлімін қалыптастыруға, әдеп әлемін танып-білуге бағыт беріп, ой тастау мақсатында өткізілген шарада Үмбетбай Уайдин туралы кеңінен ақпарат беріліп, оқырмандарға оның сатиралық туындылары таныстырылды.
«Шындығы шырайлы, дерегі нық» кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.
#ҰлттықКітапКүніАқтөбе
@aqtobe.madeniet
