«Ұлттық кітап күні» мерекесі аясында №31 жалпы білім беретін орта мектебінде балалар жазушы Сансызбай Сарғасқаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Бала жанын барлаған» портрет кеші өтті. Кеш барысында Сансызбай Сарғасқаевтың бала жүрегін жылытатын туындылары талданып, жазушы шығармаларының идеясы жайлы сөз қозғалды. Оқырмандар «Тәмпіш қара», «Сұлутөрдің балалары» шығармаларындағы ерекше тұстарына тоқталып, өз ойларын ортаға салды. Интеллектуалды ойындар ойнатылып, жазушының шығармашылығынан сұрақтар қойылды.
Оқырмандар назарына «Ұлтын сүйген ұлы адам» кітап көрмесі ұсынылды.
#ҰлттықКітапКүніАқтөбе
@aqtobe.madeniet