Ұлттық киімді кітап арқылы жас бүлдіршіндерге таныту мақсатында «Ұлттық киім – ұлт айнасы» дәстүр сағаты өткізілді.
Шараға №15 «Жидек» балалар бақшасының бүлдіршіндері мен ата-аналары қатысты.
Кішкентай оқырмандарға «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеде «Сен білесің бе?» сериясының «Наурыз», «Ұлттық киімдер», «Ұлттық өю-өрнектер», «Зергерлік бұйымдар» кітаптары, «Қазақ мектебі» ұлттық жобасы бойынша жарық көрген «Қазақтық ұлттық киімдері» суреттер топтамасы және тағы басқа ұлттық құндылығымызды танытатып кітаптар мен балаларға арналған журналдар таныстырылды.
#aqtobealtynbesigim #наурызақтөбе
#наурызқұттыболсын #наурызмейрамы