Skip to content

Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Ізгілік теңізінен інжу терген» әдеби кеш…

Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Ізгілік теңізінен інжу терген» әдеби кеш өтті.

Шараға Қазақ-Орыс Халықаралық университеті, «Гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, магистр, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің докторанты Ермұқанова Индира Жақсылыққызы, М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шүгурова Күнсұлу Оңғалиқызы қатысып, қаламгердің шығармашылық келбеті, шығармашылығындағы ұлттық болмысы туралы айтты.

Адамгершілікке, ізгілікке, мейірімге, еңбексүйгіштікке жетелейтін «Өліара» романы, «Әке», «Пара¬сат майданы», «Оң қол», «Қонақтар», «Қайырсыз жұма» әңгіме¬лерін талдап, рухымызды шыңдайтын қаламгердің кітаптарын оқуға шақырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *