Skip to content

Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздіктің тұғыры – тарихта, тірегі – тұлғада»…

Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздіктің тұғыры – тарихта, тірегі – тұлғада» патриоттық кеш өтті.
Шараның негізі мақсаты – Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау және оқушылардың жалынды жырлары, желтоқсан оқиғасының куәгерлерінің тағылымды әңгімелері және ортақ ой бөлісу арқылы егемендіктің мәнін терең сезіну.
Қонақ ретінде Желтоқсан оқиғасының куәгерлері – Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агентігінің қызметкері Абитов Біржан Жақсыбайұлы және «Универсал Строй Ресурс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің телім бастығы Медетов Берік Набиұлы шақырылды. Сондай-ақ №52 жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатысты.
Шара барысында мемлекеттік гимн орындалып, елдің тарихынан сыр шертетін «Менің – тәуелсіз Қазақстаным» атты бейнеүзінді көрсетілді. Оқырмандардың тарапынан Әмір Әлім Әсетұлының «Тәуелсіздік тұғыры» атты өлеңі оқылды.
Шара қонақтары сол бір сындарлы жылдары елдің намысы үшін басын бәйгеге тіккен желтоқсан қаһармандарының батыл қадамдары туралы сөз қозғап, Тәуелсіздік ұғымының мән-мағынасын ашып, болашақ жас буынға күш-жігер беретін ой-пікірлерін білдірді.
Шара оқырмандардың Тәуелсіздік туралы білімін пысықтап, жастардың тарихқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған шағын танымдық ойын арқылы жалғасын тапты. Шара соңында кітапхана жастары «Қазақ жастары» әнін орындалды.
«Тәуелсіздіктің тұғыры – тарихта, тірегі – тұлғада», посвящённый Дню независимости Республики Казахстан.
Основная цель мероприятия — углубить знания о Независимости, воспитать любовь к Родине, уважение к подвигу предков, боровшихся за свободу, а также сформировать у молодёжи стремление служить своему народу и стране.
В преддверии празднования Дня Независимости участникам было предложено окунуться в ключевые страницы истории, осмыслить значимость Независимости через проникновенные стихи учащихся, воспоминания очевидцев декабрьских событий и живое обсуждение, объединившее учас

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *