Skip to content

«Табиғат сырлары» ертегі терапиясына «Жасыл әлем» экологиялық клубының мүшелері, қалалық…

«Табиғат сырлары» ертегі терапиясына «Жасыл әлем» экологиялық клубының мүшелері, қалалық жас туристер стансасының жанынан құралған жазғы алаң лагері балалары қатысты.
Табиғаттың жасыл желегімен аң құсын аялау, баланың табиғатпен байланысын нығайту, табиғи элементтерді бейнелейтін кейіпкерлер арқылы ішкі сезімдерін тануға көмектесу мақсатында өткізілген шарада балаларға табиғатты аялау, қорғау, тазалықты сақтау әрбір азаматтың міндеті екендігі түсіндірілді.
«Балаларға базарлық» сериясының «Менің ғажайып ертегім» кітабынан «Жылдың төрт мезгілі» ертегісі дауыстап оқылып, балалар өзара талқыға салды, өз қиялдарынан табиғатқа жан бітіріп ертегілер құрастырды, топқа бөлініп табиғатты қалай аялап, қорғау керектігін А3 форматты ақ қағазға бейнелеу арқылы өз ойларын сурет арқылы жеткізді.
Табиғат тәрбиеші десек, ал ертегі сол табиғаттың жұмсақ үні екенін бүгінгі ертегі терапиясында талқылау, иллюстрация салу, табиғат пен ертегіні ұштастыру әдістерін қолдану арқылы балалардың эмоциялық интелектін, қиялын,тіл байлығын дамыта алды.
Оқырмандар назарына «Жеріңді аяла, адамзат» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *