Рухани келісім күніне арналған «Елдіктің көрінісі – теңдік пен келісім» кездесу кеші өткізді.
Өкелең ұрпақтың бойына рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған шарада Рухани келісім – біздің ұлттымызға тән үлкенді сыйлау, отбасына құр¬мет, балаларға қамқорлық, қонақжайлылық, татулық, достық, ауызбіршілік сынды ізгі ортақ құндылықтардың берік ортасы екендігі айтылды.
Шара қонағы «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы теолог маманы Абдолла Жеңісқалиұлы Төлепов мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты – бейбітшілік пен келісімді нығайту екенін атап өтіп, халқымыздың татулығы мен бірлігі еліміздің өркендеп, алға басуына себепші екендігін, осы байлығымызды қадірлей білу, еліміздің жарқын болашағының кепілі болмақ екендігін айтып оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялатты.
Состоялся вечер встречи «Елдіктің көрінісі – теңдік пен келісім», посвященный Дню духовного согласия.
На мероприятии, организованном с целью воспитания духовных и нравственных ценностей у подрастающего поколения, обсуждалась тема духовного согласия как прочной среды общих ценностей, присущих нашей нации, таких как уважение к старшим, уважение к семье, забота о детях, гостеприимство, мир, дружба и единство.
Гость мероприятия, теолог Информационно-аналитического центра «Ансар» Абдолла Женискалиевич Тулепов отметил, что главная цель государственной политики – укрепление мира и согласия, ведь мир и единство нашего народа являются причиной процветания и прогресса страны, осознание ценности общего духовного богатства станет залогом светлого будущего молодого поколения.








