Skip to content

Республика күні қарсаңында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы оқырмандарға ерекше…

Республика күні қарсаңында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы оқырмандарға ерекше форматта кітап мерекесін ұсынды.
«Сиқырлы кітапхана түні – 2022» кешінде оқырмандарды Ертегі елінің арулары – Періште, Малефисента, Ұйқыдағы ару және 7 гном қарсы алды. Көптеген көңілді ойындар, зейінділікке арналған жұмбақтар, тақырыптық фото аймақ және баланың ақыл-ойын дамытатын заманауи энциклопедиялық кітаптар, әлем халықтарының панорамалық ертегілері және танымдылық 3D-форматтағы кітаптар өз оқырмандарын тапты.
Малифисентамен бірге балалар "Қызыл телпек", "Күлшеқыз", "Кішкентай Мук" ертегілер мен т.б. ертегілер бойынша сұрақтарға жауап беріп, сиқырлы елден келген құрбылары – ақкөңіл Золушка, Рапунцель және Ұйқыдағы арумен бірге әдеби ойындарына қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *