«Позитив» салауаттылық клубының бағдарламасы бойынша № 11 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының 7 класс оқушыларымен «Курить больше не захочется!» тақырыбында танымдық-зияткерлік шара өтті.
Шара қонағы – №2 қалалық емханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Сәндібекова Ақбота Бақытбекқызы жасөспірімдерге шылым шегудің зияны туралы толық ақпарат беріп, салауатты өмір салтын сақтауға кеңес берді☘️
Сондай-ақ оқырмандар шылым шегудің зияны туралы бейнебаян тамашалап, зияткерлік ойын кезеңдерінен өтіп, көңілді жаттығу жасап, өздері дайындап келген «Курить-здоровью вредить!» атты сахналық қойылымын көрсетті.
Оқырмандар назарына «Без табака прекрасна жизнь – от сигареты откажись!» кітап көрмесі ұсынылды📚