Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Әрбір ересек адам өзі бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, оның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек екендіктерін білулері қажет. Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержететінін білеміз.
15 мамыр – халықаралық отбасы күні – жарық дүниедегі ең жақын жандарыңыздың төл мерекесі екен. Баршаңызды құттықтаймыз, шын жүректен. Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл – қызы демекші,мақтан етер, дендері сау, саналы, иманды ұрпағымыз көбейсін!Ұрпағына мақтаныш болар қазыналы қарттарымыз көп болғай. Қазақтын әр отбасының керегесі кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Кітапханашы ретінде баршаңыңызды кітап оқуға шақырамын. Кітап оқуға деген құштарлық ерте жастан басталуы керек. Халқымыз әр ғасырда-ақ ел даналары мен замана тұлғаларының өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған ұлағатты және тәрбиесі мол өнегелі сөздерін кітаптан алған. Кітаптың – рухани қазына аталуы да сондықтан.
Кітапханаға келіп, қызықты кітаптарды оқып, рухани дүниеңізді байытыңыздар! Балалардың сүйікті кітаптары бізде бар, және жаңа кітаптар үнемі қосылып отырады. Келіп, жаңа әлемдерге саяхат жасап, білім мен шабыт алыңыздар!
#отбасыкүні2025
#деньсемьи2025
#отбасықұндылықтары
#семейныеценности