«Оқуға құштар ұлт» жобасы аясында Б.Момышұлы атындағы №62 орта мектептің оқушыларымен бірге қысқы демалысты тиімді әрі қызықты өткізу мақсатында кітап патшалығына саяхаттады.
Шарада кітапхана тарихы, пайдалану ережесі және тұңғиыққа жетелейтін кітаптың құдіреті, пайдасы туралы және кітапхананың «Оқы, ақтөбелік өренім!» облыстық марафоны, «Байғанин оқулары», «Кітап.Тұлға.Рух.» жобалары, шығармашылық сайыстар, үйірмелер туралы кеңінен айтылып, кітаппен дос болуға шақырылды.