«Оқитын өлке» акциясы аясында ақын Сағи Жиенбаев пен жазушы Сара Мыңжасарованың шығармаларын насихаттау мақсатында «Қазақтың сыршыл ақыны», «Рухы мықты қаламгер» атты кітап көрмелері оқырмандар назарына ұсынылды.
Шарада өлеңдері халық көңілінен шығып, жүректерінен орын тапқан, өмірдің бар шындығын шебер жырлай білген Сағи Жиенбаев пен туған ұлтының мүддесін бәрінен биік қойып өз дәуірінің тамыршысы болып, замандастарының жан дүниесіне терең үңіле білген Сара Мынжасарованың өнегелі өмір жолдары мен шығармашылығы туралы терең айтылып, кітаптары ұсынылды.