Skip to content

«Оқитын дос іздеймін» жобасы аясында және «Позитив» салауаттылық клубының бағдарламасына…

«Оқитын дос іздеймін» жобасы аясында және «Позитив» салауаттылық клубының бағдарламасына сәйкес «Здоровый образ жизни в моде» атты клуб мүшелерінің кезекті отырысын №11 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 7 «Д» класс оқушыларымен денсаулық эстафетасы түрінде өткізді. Шараның мақсаты: оқырмандарымыз арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттау мен кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.
Шара мектеп спортзалында «Денсаулық» және «Спорт» деп аталатын екі команданың денсаулық эстафетасында бақ сынасуынан басталып, қатысушы командалар «Допты беру», «Қаппен секіру», «Арқан тарту», «Шалқан», «Әріпті қуу», «Кедергіден секіріп өту» кезеңдерінен сүрінбей өтті. Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталып, ал «Позитив» салауаттылық клубының ең белсенді қатысушылары алғыс хаттарды иеленді.
Оқырмандар назарына «Денсаулық құпиялары» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *