Skip to content

Облыстық “Ғылымға қадамдар” ғылыми және шығармашылық жобалар конкурсында #Өлкетану,тарих секциясы…

Облыстық “Ғылымға қадамдар” ғылыми және шығармашылық жобалар конкурсында #Өлкетану,тарих секциясы бойынша Ұзақбай Құлымбетов атындағы #64 ЖББО мектебінің 2 “Ә” сынып оқушысы Тайшиева Ясина Русланқызы “АҚТӨБЕНІҢ ӨЛКЕТАНУ ӘЛЕМІНЕ ӨНЕГЕ БОЛА БІЛГЕН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ” тақырыбында жоба қорғап, жүлделі 2 орынды иеленді. Жетекшісі Агасилова Айгүл бұл жеңісін Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының 65 жылдығы мен Нұрпейіс атамыздың 165 жылдығына арнап жазғанын айтты.

Кішкентай оқырманымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Оның кітапханаға, өлкетануға деген махаббаты, Нұрпейіс Байғаниннің шығармашылығын терең зерттеуі бізді ерекше қуантты. Бұл жеңіс тек білім мен еңбектің ғана жемісі емес сонымен қатар өз еліңе деген сүйіспеншілігіңнің дәлелі. Бастамаларың мен жеңістерің сені үлкен жетістіктерге жетелесін деп тілейміз🤗

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *