Нұрпейіс Байғаниннің “Нарқыз” поэмасы қазақтың бай фольклорлық мұрасы мен рухани құндылықтарын насихаттап, әлемдік аудиторияның назарын аудартты. Бұл қазақ әдебиетінің жауһарларын жаһанға таныту жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.
Шотландияда өткен «Eurasian Creative Week» фестивалінде «Үздік эпос» номинациясында Hertfordshire Press Award сыйлығын жеңіп алды.
Салтанатты марапаттау рәсімі осы жылдың 28-30 қарашасы аралығында Гринок қаласында өтті. Сыйлық осы іс-шараға қатысқан ақынның немересі, кинопродюсер Ерболат Байғанинге тапсырылды.
Кітап биыл ағылшын тіліне аударылып, Нұрпейіс Байғанин қоры мен «KazAK» ұйымының қолдауымен жарық көрді.