Наурыз мейрамында кітапханамыз «Аққу» қоғамдық бірлестігінің ең сүйкімді балаларын «Келді Наурыз-гүл-көктем» атты көңілді бағдарламасымен құттықтады. Балалар би билеп, жұмбақ шешіп, ойынға қатысты. «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» атты кітап көрмесі ұсынылып, қазақтың салт-дәстүріне, қазақтың ұлттық тағамдарына арналған кітаптарды оқыды. Мерекелік дастарханда балалар кітапханамыздың Наурыз көжесі мен бауырсақтан дәм татты. Кітапхана қызметкерлері балаларды құттықтап, тәтті сыйлықтар үлестірді.
С праздником Наурыз наша библиотека поздравила самых очаровательных детей Общественного объединения «Аққу», с веселой программой «Келді Наурыз-гүл-көктем». Ребятам понравилось принимать участие в играх, подтанцовывать и разгадывать загадки. За праздничным дастарханом девчонки и мальчишки угостились Наурыз-коже и баурсаками от нашей библиотеки. Сладкие подарочки и вкусный сок тоже пришелся им по вкусу. Наши постоянные читатели почитали книги, посвященные празднику Наурыз, казахским обычаям и традициям, казахской национальной кухне на книжной выставке.