Н.Байғаниннің туғанына 165 жыл толуына орай ұйымдастырылған әдеби керуен №2 мектеп-гимназиясының оқырмандарымен кездесті. Оқырмандарға ақынның өмір жолы, шығармашылығы және қазақ әдебиетіндегі орны кеңінен таныстырылды. Ақын жырлары мәнерлеп оқылып, арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жас буынның бойына рухани құндылықтарды сіңіріп, әдебиетке қызығушылығын арттыру және Н.Байғанинді кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған әдеби керуенге қатысушылар ақынның өлеңдеріндегі батырлық, отансүйгіштік, адамгершілік идеяларын талқылап, әр түрлі викториналар мен ойындарға қатысты.






