Мүбәрак Жаманбалиновтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балаларға балдай жыр » тақырыбында өлеңдер шеруі өткізілді.
Шараның басты мақсаты жас ұрпақ тәрбиесі мен балалар әдебиетін ұштастыра қараған ұстаз ақынның өз оқырмандарын қуаныш пен шаттыққа бөлей беретін, күлдіріп, ойландыратын өлеңдерін, таңғажайып сырлы ертегілерін, жұмбақтары мен жаңылтпаштарын баланың есінде ұзақ сақтауға, ана тілі, Отан тақырыбында жазылған өлеңдері арқылы оқырмандарды ұлттық рухта тәрбиелеу.
«Ақын жыры – бағдаршамы баланың» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.