Skip to content

📌 Менің әкемнің есімі- Рауан. Ол Қазақстан темір жолында жұмыс…

📌 Менің әкемнің есімі- Рауан. Ол Қазақстан темір жолында жұмыс жасайды. Әкем жұмысымен сыртта жүрсе де мен әкемнің махаббатын үнемі қасымда жүргендей сезініп жүремін. Өйткені әкем өте мейірімді, көңілді, көпшіл адам. Ол жұмыстан келгенде біз үнемі бірге ойнаймыз, серуендейміз, қызықты әңгімелер айтамыз. Әкем күрес пен футболды өте жақсы көреді. Аулада бірге ойнайтын кездеріміз көп. Інім екеумізді матчтарға жиі апарады. Әкемнің арқасында мен де футболға деген қызығушылығым артып, қазірде "Достар" клубының ойыншысымын. Әкем маған үнемі әрқашан шыншыл бол, намысты бол әрі қарапайым бол дейді. Мен әкемнің осы ақылын үнемі жадымда ұстап, оның мақтан тұтар ұлы болғым келеді!
#әкелеркүні
#әкеасқартау #меніңәкемменіңмақтанышым

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *