📌 Мен 42орта мектептің 1ә класын бітіріп, 2класқа көштім. Біздің отбасымызда бес адам бар. Атам, әкем, анам мен және қарындасым.Мен әкелер күнінде әкем Ержанды құттықтаймын. Әке сен ешқашан ауырма, денің сау болсын, сен бізге әрқашанда керексің. Әкемнің жасы 32де. Ол біздерді өте жақсы көреді, және үнемі қамқор болып жүреді. Ол өте еңбекқор, біз үшін еңбектеніп, қалаған затымызды алып береді. Әкем үйде анама да көмектесіп, бізді еркелетіп отырады. Мен әкемнің қасында болғанымда өзімді бақытты сезініп,еш нәрседен қорықпаймын,ол мен үшін батыр. Әкем үнемі сабақты жақсы оқы, анаңның айтқанын тыңда, қарындасыңа қамқор бол деп, ақылын айтып отырады. Мен де сабақты жақсы оқып, анама көмектесіп, қарындасымды ойнатамын. Мен өскенде атам мен әкемнің анамның үміттерін ақтайтын, үлкен азамат болып, қуантқым келеді. Менің әкем, менің әкем ең жақсы адам!
#әкелеркүні
#әкеасқартау #меніңәкемменіңмақтанышым
