Skip to content

М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінде көрнекті ғалым, академик…

М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінде көрнекті ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Халқым менен де биік» портрет кеші өткізілді.

Шара барысында қатысушылар академиктің еңбек жолы мен зерттеулері тақырыбындағы мәтіндермен танысып, ғалым портретін сипаттап жазды. «Жылдам сұрақ» ойыны арқылы ғалымның ғылыми еңбектеріне байланысты «дұрыс» және «қате» деректерін тауып, Қазақстанның кескін картасынан геолог ашқан кен орындарын көрсетті.

Ғалым Қ.И.Сәтбаевтың ғылыми мұраларын насихаттау мақсатында «Ғылым қанатындағы ғұмыр» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *