М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатында жас ұрпақты адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу мақсатында «Сыбайлас жемқорлық туралы сіз білуге тиіс мәлімет» атты ақпараттық сағат өтті.
Шара барысында оқушылар топқа бөлініп, адалдық пен әділдік ұғымдарының мән мағынасын ашып, «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қоғамға әсері қандай?» деген сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында өз пікірлерін ортаға салды.
Іс-шара жас буынды Отанды сүюге, еліміздің Ата Заңын құрметтеуге және ішкі тәртіпті сақтауға баулуды мақсат етті. Оқушылар адалдық туралы қазақ зиялыларының нақыл сөздерін талқылап, тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын тапты.
Оқырмандар назарына «Адал еңбек еткенге, бақыт басын иеді» атты кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.
Провела в специализированном лицее-интернате для одарённых детей имени М. Кусаинова информационный час под названием «Сыбайлас жемқорлық туралы сіз білуге тиіс мәлімет», направленный на воспитание у молодого поколения честности и справедливости.
В ходе мероприятия учащиеся, разделившись на группы, раскрыли смысл понятий честность и справедливость, ответили на вопросы «Что такое коррупция?» и «Каково влияние коррупции на общество?». Также они высказали свои мнения на тему «Будущее без коррупции».
Мероприятие было направлено на воспитание любви к Родине, уважения к Конституции страны и соблюдения внутренних правил. Учащиеся обсудили высказывания казахских мыслителей о честности и нашли продолжение тематических пословиц и поговорок.
В завершение участникам была представлена книжная выставка « Адал еңбек еткенге, бақыт басын иеді », по которой был проведён библиографический обзор.







