Skip to content

Құрметті қала тұрғындары! Еліміз бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы…

Құрметті қала тұрғындары!

Еліміз бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алды. Қаламыз қашан да өзінің таза қалпымен көз тартатын.

Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыппен өтетіндігін хабарлаймыз.

1-ші апта (13 сәуір) – «Таза өлке» деген атаумен өтеді. Тұрғындар, азаматтық қоғам өкілдері, ұйымдар мен кәсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазалайды.
2-ші апта (20 сәуір) – «Киелі мекен» тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналады.
3-ші апта (27 сәуір) – «Жасыл аймақ» күні ағаш көшеттерін отырғызу, екпелерді әктеу ұйымдастырылады.
4-ші апта (4 мамыр) – «Өнегелі ұрпақ» күні ардагерлер үй-аулалары мен Қарттар үйлерінің аумақтарын жинау және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
5-ші апта (11 мамыр) – «Мөлдір бұлақ» деп аталатын күні өзендер мен көлдердің айналасын қоқыстан тазарту ұйымдастырылады.

Осы сенбіде «Таза өлке» атты акцияның бірінші күні басталады. Барлық қала тұрғындарын акцияға белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

Қаламызды бірге көркейтейік!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *