Skip to content

Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары мен қонақтары! 🎉Қазақтың қаһарман қызы, мерген…

Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары мен қонақтары!

🎉Қазақтың қаһарман қызы, мерген – Әлия Молдағұлова. Отан қорғау жолында 78 жау әскерінің көзін жойып, небәрі 18 жасында соғыс майданында ерлікпен қаза тапты. Батыр қыздың қайсарлығы мен батылдығы ел есінде мәңгі сақталып, есімі тарихта алтын әріппен жазылды. Қазақтың даңқты қызының туғанына 100 жыл толуына орай Ақтөбе қаласында және батырдың туған жері Қобда ауданында «Әлия – қаһармандық дастаны» атты мерейтойлық шарасы өтетіндігін хабарлаймыз.

🔹Кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес, 12 маусым күні:

– сағ: 10.30-да – Ә. Молдағұлованың мемориалдық ескерткіш-кешеніне гүл шоқтарын қою рәсімі;
– сағ: 11.00-де – Өнер орталығында «Ұмытылмас бейне» – суретшілер мен мүсіншілердің республикалық байқауының қорытынды көрмесі;
– сағ: 11.30-да – Өнер Орталығы Концерт залында «Ғасырларға жалғасқан ерлік» форумы өтеді;
– сағ: 16.00де – Облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия;
– сағ: 18.00-де – Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында «Әлия» мюзиклі сахналанады.

🔹13 маусым күні:

– сағ: 09.30-да – Ә. Молдағұлованың Бұлақ ауылындағы ескерткіш-мүсініне гүл шоқтарын қою, музей-үйіне экскурсия ұйымдастырылады;
– сағ:10.30-15.30 – Қобда ауылында театрландырылған көрініс, спорттық жарыстар мен концерттік бағдарламалар қымтылған ресми іс-шара; 80 киіз үй тігіледі.
– сағ: 16.00-де – Қобда ауданы, Әлия ауылында Кеңес Одағының Батыры Ә. Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі;
– сағ: 16.30-да – Қобда ауданы, Әлия ауылындағы «Әлия» облыстық патриоттық тәрбие беру орталығына экскурсия;
– сағ: 19.00-де – Ақтөбе қаласы «Қазақ халқына мың алғыс» стелла алаңында эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Әлия – Ғұмыр» атты гала концерті өтеді.

📣Барша ақтөбеліктер мен қонақтарды мерейтойлық шараның қонағы болуға шақырамыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *