Құдайберген Жұбановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Ғалым. Қайраткер. Тұлға.» портрет кеші өткізілді.
Құдайберген Жұбановтың немересі, филология ғылымының кандидаты, доцент Ардақ Есетқы Жұбанова атасы мен әкесінің қиын тағдыры және олардың қазақ халқының ғылымы мен мәдениетіндегі ізі туралы әңгімелеп, Жұбановтардың өнегелі өмір жолдарынан терең мағлұмат берді.
«Желкен» әдеби клубының мүшелері «Тағлымға тағзым ұрпақтан!» әдеби монтаж ұсынып, тағылымы терең ғалымға тағзым етілді.
Оқырмандар назарына «Ғылым қанатындағы ғұмыр» атты кітап көрмесі ұсынылды.