ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қ.Қожанбаевтың 85 жасқа толуына орай «Өнер сүйген өмір» АRT-кеші өткізілді.
Шараға Қ.Қожанбаевтың шәкірттері А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің директоры Аманжол Дүйсенұлы Исмағұлов, күйші, ҚР Мәдениет қайраткері Жайлау Жаншаұлы Асылханов қатысып, композитордың еңбегі және ұстаздық қасиеті туралы әңгімелесе, Қайырғали Қожанбаев өзінің ұстазы Ахмет Жұбанов туралы естеліктерімен бөлісті.
Кеш шымылдығын №1 балалар музыка мектебінің оқушылары «Көңілашар» фольклорлық ансамблі «Арнау» күйімен ашып, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Күләш Бәйсейітова атындағы төсбелгі иегері, Ғ.Жұбанова атындағы филармония әншісі, № 1 Балалар музыка мектебінің академиялық вокал класы оқытушысы Манзура Сейілхановна Сапарова әнмен тербеп, жас домбырашылар күйлерін күмбірлетті.