Қостанайда 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан индустриялық аймақ өңір дамуының негізгі драйверіне айналды. Бұл учаске барлық қажетті дайын инфрақұрылыммен, соның ішінде магистральдық газ құбыры, су құбыры, кәріз, байланыс және электр жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген.
Қазіргі уақытта Қостанай қаласының Индустриялық аймағында жалпы құны 97,4 млрд теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылды, 1 000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылды.
Ақтөбе облысында да индустриялық аймақтар қарқынды дамуда.
Мәселен, биыл Ақтөбе қаласындағы «Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайы» базасын мультимодальды хабқа айналдыру мақсатында Үкіметтің қаулысымен жалпы аумағы 858 гектар болатын арнайы экономикалық аймағы құрылған-ды. Негізгі бағыттары — логистика және өңдеу өнеркәсібі. Сондай-ақ Хромтау қаласында жалпы аумағы 150 гектар болатын индустриялық аймақ құрылды. Облыстағы 2016 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан индустриялық аймақта 17 жоба іске асырылып, 546 жаңа жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта 8 жаңа жоба іске қосылып, 312 жұмыс орны ашылады