Кітапхана қызметкерлері Қазанғап атындағы өнер мектебінде өткізілген «Мәңгі өлмес жырымен із қалдырған» атты шараға қатысып, «Мұқағали-мәңгілік жыр» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітап көрмесінде ұлтына қапысыз қызмет еткен Мұқағали ақынның өмірі, шығармашылығы туралы кітаптар ұсынылып, рухы зор, өміршең өлеңдері насихатталды.