Кітапхана қызметкері Аяжан Алданазарқызы Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің "Рухани қазына -2023" облыстық фестивалінде "Облыстық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері" номинациясымен марапатталып, 80 000 теңге көлемінде сертификатқа ие болды.
Сондай-ақ, кітапхана қызметкері Гульмира Абыловна Мәдениет саласын дамытуға қосқан үлесі мен қажырлы еңбегі үшін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтап, толағай табыстар мен шығармашылық шабыт тілейміз!