Skip to content

Кітапхана құрылымы

Құжаттарды бақылау, қамтамасыз ету және кадр бөлімі

Бөлімінің міндеттері және жұмыс мазмұны:

  • Кітапхананың барлық кіру, шығу құжаттарын тіркеп, уақытында орындалып жеткізілуін бақылап, мерзімінде дұрыс рәсімделуін қадағалайды;
  • Кітапхананың барлық іс жүргізу мен құжаттармен қамтамасыз ету, бақылау қызметін жүзеге асырады;
  • Кітапхананың істер мен құжаттардың жүргізілуіне қажетті құжаттары мен нұсқауларды, қағидаларды, ережелерді сақтап, орындалуын бақылайды,
  • Кітапхананың істер номенклатурасындағы істердің және мұрағатқа тапсырылатын құжаттардың есебін жүргізіп, барлық жұмыстарын атқарады;
  • Кітапхананың құрылтай құжаттарын әзірлеуді, заң тұрғысында тіркеліп, бекітілуін, рәсімделуін бақылауды жүзеге асырады;
  • Кітапхана басшысына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелер мен басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың заңнамаларға сәйкестігін тексереді;
  • Кітапхананың талап-арыз өтініштері, келіп түскен наразылықтары мен материалдарды дайындайды және оларды сотқа беру бойынша мекеменің атынан өз мүддесін білдіріп, қорғайды;
  • Кітапхана қызметкерлерінің жұмыстан босатылуы мен ауысу заңдылығын тексеруді, оларға тәртіптік жазаны қолдануды жүзеге асырады;
  • Кітапхананың қызметкерлеріне әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша жазбаша және ауызша кеңесті жүзеге асырады, заңды құжаттарды құрастыруға құқықтық көмек көрсетеді;
  • Еңбек заңдарына, ережелерге және кітапхана басшысының бұйрықтарына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және босатуды, сондай-ақ кадрлар жөніндегі басқа да белгіленген барлық құжаттаманы ресімдеп, есебін тапсырып, кадрлық саясаты жұмыстарын толық жүргізеді;
  • Біліктілік, аттестациялау, конкурстық комиссияларға және қызметкерлерді ынталандыру мен марапаттауға ұсынуға арналған қажетті матералдарды дайындайды;
  • Қызметкерлерге демалыс берудің есебін жүргізеді, кезекті демалыс кестелерін жасауды және сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • Кітапхана қызметкерлерінің жұмысқа келуінің нақты уақытына табельдік есеп жүргізіп, олардың уақытында жұмысқа келуін және жұмыстан кетуін, жұмыс орындарында болуын бақылауды жүргізеді;
  • Қызметкердердің уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы парақтарды, науқастарды күту бойынша анықтамаларды және олардың жұмыста болмау құқығын растайтын басқа да құжаттарды уақытылы ұсынуын бақылайды;
  • Кітапхана бөлімдеріндегі еңбек тәртібінің жай-күйін және қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
  • kz электрондық үкімет порталындағы, enbek.kz және «Е-өтініш» ақпаратты жүйесі жұмысының жүргізілуіне, орындалуына, бақылау жасайды;
  • ҚР Мемлекеттік басшысының Қазақстан халқына жолдауы мен тапсырмалары, ҚР заңдары, қаулы, жарлықтары, үлгілік шарттар мен тұжырымдамаларына жасалған өзгертулер мен толықтыруларды жұмыста басшылыққа алып, іске асыру бойынша тәртібін сақтау.

Бөлім басшысы: Әлирахманова Гүлнұр Ахметсапарқызы

Почта: kzgulnur85@mail.ru

іКітапханалардың ісін дамыту және ұйымдастыру бойынша әдістемелік жұмыс бөлімі әдістемелік орталық ретінде кітапханалық қызметті ұйымдастырушы, біріктіруші және жетекшісі болып саналады. Оқырмандарға қажетті ақпаратты пайдаланудың жаңа әдістерін, ұлттық және әлемдік мәдени байлықтарды игеруде әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Бөлім қызметкерлері облыстағы кітапхана қызметкерлерінің озық тәжірибелерін анықтап, зерделейді. Кітапханашылардың біліктілігін арттыру бағытында әртүрлі теориялық және практикалық семинарлар, аймақтық кеңестер, тренингтер, конкурстар ұйымдастырылады. Іс-сапарларда орталықтандырылған кітапхана жүйелеріне әдістемелік көмек көрсетеді, баспа және талдау қызметімен айналысады.

Бөлімнің міндеттері:

  • Мемлекеттің кітапхана ісі саласындағы саясатын жүзеге асыруға қолдау көрсету;
  • Кітапхана ісі саласы бойынша әдістемелік жән ақпараттық қызметті жүзеге асыру;
  • Облыс кітапханашыларының кәсіби шеберліктерін көтеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

Жұмыс бағыты:

  • ­ Кітапхана жүйесінің, сонымен қатар жекелеген кітапханалардың жағдайы мен дамуына талдау жасау;
  • ­ Кеңес беру, әдістемелік және іс жүзіндегі көмектер көрсету;
  • ­ Кітапхана жұмыстарындағы жаңалықтарды іздестіру, бағалау, дайындау және қолдану;
  • ­ Кітапхана қызметкерлерінің біліктіліктерін көтеру, олардың кәсіби тұрғыдан өсе түсулерін қамтамасыз ету;
  • Әдістемелік құралдарды дайындау, шығару және тарату.
  • Мақсаттық, мәдени – ағартушылық және әлеуметтік жобаларды дайындау.
  • Облыстық байқауларды ұйымдастыру және өткізу.

Бөлім басшысы: Тукенова Жанар Жұмабекқызы

Байланыс телефоны: 8 (7102)41-40-43

e-mail: ulytau.obl.metodist@mail.ru