Skip to content

Кітапхана – қоғамның рухани тірегі, білім мен мәдениеттің бастауы. Осы…

Кітапхана – қоғамның рухани тірегі, білім мен мәдениеттің бастауы. Осы қағиданы негізге ала отырып, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Кітапхана мәдениеті: тең тілдесу – кітапхана, кітап және оқырман» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Кітапхана ісіндегі жаңа бағыттарды талқылап, кәсіби тәжірибе алмасу және оқырманмен өзара тиімді байланыс орнату жолдарын қарастыруға бағытталған семинарға мәдениет саласының қызметкерлері, Астана қаласы, ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың басшысы Күміс Қарсақбайқызы, қалалық және аудандық балалар кітапханаларының мамандары, «BOSTON ENGLISH HUB» мектебінің негізін қалаушы, Жасанды Интеллект және Speaking Engilish бағдарламаларының инструкторы Мағжан Жұмаев қатысты.
Семинар барысында бірнеше өзекті тақырыптар қамтылды. Жасанды интеллект және оның кітапхана ісіне ықпалы жөнінде екі спикер – Мағжан Жұмаев және Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап кітапханасының әдіскері Қызғалдақ Алпысбаева мазмұнды баяндама жасап, жаңа технологияларды тиімді пайдалану тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар «Жастар кеңістігі: Білім. Шабыт. Даму.», қазіргі буынның оқу мәдениеті мен шығармашылық ізденісін дамыту жайы қозғалып, «Оқырман жүрегіне жол –рухани мәдениет пен адамгершілік арқылы» тақырыбында кітапханашы мен оқырман арасындағы рухани байланыс, қызмет мәдениеті және заманауи коммуникация тәсілдері талқыланды.
Семинар аясында облыс көлемінде ұйымдастырылған «Оқы, Ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафонының қортындысы шығарылып, белсенді қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шара соңында брейн-ринг форматында IQBattle интеллектуалды ойыны өткізіліп, қатысушылар логикалық және интеллектуалдық қабілеттерін көрсетті. Бүгінгі семинар-кітапханашылардың кәсіби дамуына ғана емес, рухани серпілісіне де жол ашқан ерекше алаң болды. Бүгін талқыланған әр ой, әр пікір – ертеңгі жаңашыл бастамалардың дәні. Оқырманмен тең тілдесіп, жүрекке жол табу – біздің кәсіби жолымыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *