“Kitap Time-2023” II жалпы республикалық кітап фестивалі аясында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында ««Кітап оқы да, трендте бол!» атты әдеби кеш өткізілді.
Әдеби кеш барысында «Кітап-нәзік те, тұнық әлем» атты кітап көрме – инсталляция жасақталып, кітап фестивалі қатысушыларына қызыққа толы бағдарламалар дайындалды. Кеш барысында «Кітап емханасы» атты мастер класс көрсетіліп, жырдан шашу шашылды, әнмен көркемделді, трендтегі тик-ток үзінділері көрсетілді. Оқушыларға ситуациялық сұрақтар қойылып, кітап туралы қызықты деректер айтылып, «Жылдам оқу» бенефисі өткізілді.
#kitaptime2023
@akademiyalik_kitapkhana