«Кітап фестивалі – 2024» шарасы аясында балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының бейнелеу өнері бөлімінің меңгерушісі Нұрберген Рахматов «Табиғат – сен – тіршілік тұнып тұрған» шеберлік сағатын, №31 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, «Шолпы» қыздар клубының жетекшісі Орынай Бижанқызы Идрисова «Оюлар сөйлейді» тақырыбында дефиле өткізді.
